Аралға сексеуіл егуге бағытталған кешенді бағдарлама дайындалып жатыр

1076

Жоспар бойынша алдағы 10 жылда Арал теңізінің құрғаған түбінің 1,1 миллион гектарына сексеуіл егілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аралға сексеуіл егуге бағытталған кешенді бағдарлама дайындалып жатыр

"Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл егу мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. 1990 жылдан бастап 2021 жылға дейін 195 мың гектар жерге сексеуіл егілді", - деді  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша бірнеше апта бұрын Аралға арнайы экспедиция барып, жұмыс жүргізіп келген. Өсіп тұрған екпелерге тексеру жүргізілген. Олар табиғи жолмен өсіп тұрғандарды санағанда  ауданы 337 мың гектар жерде сексеуілдің өсіп тұрғанын анықтапты. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз сексеуілді егу бойынша кешенді бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Алдағы он жыл ішінде (2021-2030) 1,1 миллион гектар жерге сексеуіл егу жоспарлануда", - деді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу