Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытының құрылысы тоқтатылды

2733

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.  

Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытының құрылысы тоқтатылды Фото: kmg.kz

Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысы қолданыстағы өнімді бөлісу туралы келісім шеңберінде тоқтатылды.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жобаны басқа жолмен жүзеге асырудың баламалы механизмдерін қарастыруды бастады. Бұл ретте ұлттық компаниялардың қатысуына басымдық беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрліктің мәліметінше, жобаны қолданыстағы өнімді бөлісу туралы келісім аясында әрі қарай жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім жобаға қатысушы акционерлермен бірлесіп қабылданған.

Қазақстан билігі Eni және Shell компанияларына Қарашығанақ кенішіндегі ілеспе газды өңдеу зауытының жобасын бақылауды мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" компаниясына беруді бұйырды. Бұл туралы Upstream салалық басылымы өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады. Маусым айының басында дәл осы басылым үкіметтің өтініші бойынша нысандағы құрылыс жұмыстары тоқтатылғанын хабарлаған. Келіспеушілік жобаның құны мен мерзімінен туындаған.

Eni және Shell жетекшілік ететін халықаралық консорциум Қазақстаннан Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауытын салу құнын бастапқы 3,5 млрд доллардан 6 млрд долларға дейін көтеруді сұрады, сонымен қатар жобаның табыстылығын қамтамасыз ету үшін шығындарды өтеу үшін 1 млрд доллар сұраған.

Айта кету керек, "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." консорциумына Shell (29.25%), Eni (29.25%), Chevron (18%), ЛУКОЙЛ (13.5%), ҚазМұнайГаз (10%) иелік етеді.

– ҚР Энергетика министрлігі Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысын іске асыру бойынша қолданыстағы Өнімді бөлісу туралы келісім (ӨБК) аясында акционерлермен жұмыстың тоқтағанын мәлімдейді. Қазіргі кезеңде министрлік ұлттық компанияларды тарту арқылы жобаны Өнім бөлісу келісімінен тыс жүзеге асырудың баламалы нұсқаларын қарастырып отыр, – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада. 

Министрлік "ҚазМұнайГаздың" нысандағы жұмыстарды аяқтау бойынша басым мердігер болатынын да мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу