Араздасқандарды татуластыру тәртібі қайта қаралады

1199

шкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк бір отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық екінші рет қайталанса, тараптарды татуластырудан бас тарту жоспарланып отырғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Араздасқандарды татуластыру тәртібі қайта қаралады

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция органдары жәбірленушінің өтініші бойынша әкімшілік іс қозғауға құқылы. Біз жәбірленуші жұбайына психологиялық және қаржылық тұрғыдан тәуелді болуына байланысты мәселені жылы жаба қоюға мәжбүр болатынын, салдарынан татуласуға келісім беретінін түсінеміз", – деді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. 

Алексей Милюктің мәлімдеуінше, былтыр ішкі істер органдарына отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 190 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Шағымдардың төрттен бір бөлігі ғана сотта қаралды. 

"Қозғалған әкімшілік өндірістің 60%-ы тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Біз тараптардың татуласу рәсімін қайта қараймыз. Алдағы уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі қайталанған жағдайда татуласу мүмкіндігін толығымен жоюды жоспарлап отырмыз", – деді ішкі істер министрлігінің өкілі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу