Аргентина ел экономикасын ырықтандыру бойынша 300 экономикалық реформаны күтіп тұр

606

Оларды бастау туралы жарлыққа Аргентина президенті Хавьер Милей қол қойды. 

Аргентина ел экономикасын ырықтандыру бойынша 300 экономикалық реформаны күтіп тұр  Фото: pixabay.com

Милей халыққа үндеуде экономикалық реформалардың басталғанын хабарлады және оны теледидардан көрсетті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ведомости басылымына сілтеме жасап жазады.

Жалпы, осыған дейін Аргентина басшысы 300 реформаның 30-ы туралы айтқан болатын. Оның ішінде – жалға беру туралы заңның күшін жою, ашық компанияларды жекешелендіруге кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілер, Кеден кодексін реформалау, еңбек режимін өзгерту және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ, Милей қол қойылған жарлық ол жоспарлаған реформалардағы "алғашқы қадам" ғана екенін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы күндері заң жобалардың пакетін талқылау барысында кезектен тыс сессиялар өткізу үшін елде Ұлттық Конгресс шақырылады.

Айта кетейік, қараша айында Аргентинада өткен президенттік сайлаудың екінші турында Хавьер Милей 56%-ға жуық дауыс жинап, жеңіске жетті. 10 желтоқсан күні ол Конгрессте ант берді. Ішкі саясатта Милей мемлекеттің минималды араласуын, елдің Орталық банкін жоюды және ұлттық песо валютасын американдық долларға ауыстыруды жақтайды. Сонымен қатар, экономикалық мәселелерді шешу мақсатында кандидат білім мен денсаулық сақтау саласына бюджеттік шығындарды айтарлықтай қысқартуға уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу