Аргентина Президенті Хавьер Милей аралық парламенттік сайлауда жеңіске жетті

135

Парламентте оның партиясы енді 37 емес, 64 орынға ие болады. 

Аргентина Президенті Хавьер Милей аралық парламенттік сайлауда жеңіске жетті Фото: bloomberg.com

Президенттің "Ла Либертад Аванза" ("Бостандық алға басуы") партиясы Буэнос-Айрестің маңызды провинциясында 41,5% дауыс жинап, коалицияның 40,8%-ын басып озды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетерлігі, бұл өңір дәстүрлі түрде перонистік бағытты қолдағанымен, қазір реформаторлық саясатқа бет бұрғанын көрсетті.

Бір қызығы, бұл аймақ ондаған жыл бойы перонизмнің тірегі болып қала берді. Бірақ, қазір түбегейлі реформатор мұнда да саяси леп белгісін қойды. 

Хавьер Милей бастамалары нәтижесін көрсете бастады: инфляция азайды, ал ел бюджеті көп жылдардан кейін алғаш рет профицитке ие болды. 

АҚШ Президенті Дональд Трамп болса, Хавьер Милейді "ғажайып жеңісімен" құттықтады. 

 – Ол керемет жұмыс істеп жатыр. Біздің оған деген сенімімізді Аргентина халқы растады, – деді ол.

Хавьер Милейді елдің тұрақтылығын қамтамасыз етуші тұлға ретінде бағалайды. Қаржы нарықтары қазір акциялар мен облигациялардың өсуін күтуде. Дегенмен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай әлі де шиеленіс күйінде қалып отыр.

Сайлаудан кейін Президент Хавьер Милей реформаларды жеделдету мақсатында, министрлер кабинетінің құрамын қайта қарастыруды жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу