Архив ісі: Қазақ-өзбек ынтымақтастығы артып келеді

538

Екі ел бірлескен архивтік тарихи құжаттардың жинақтарын шығаруға уағдаласты.  

Архив ісі: Қазақ-өзбек ынтымақтастығы артып келеді Фото: Қорғаныс министрлігі

Архив саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан мемлекетаралық кеңесі құрылады, деп жазады inbusiness.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегация мен Өзбекстан Республикасының архив басшылары арасында достық кездесу өтті.

"Самарқандта өткен ТМД елдері архив саласы басшыларының консультативтік кеңесінің аясында біздің ұсынысымызбен екі ел архив басшыларының арнайы келіссөзі өтті. Нәтижесінде архив саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан мемлекетаралық кеңесін құруға уағдаластық. Әуелі нақты алгоритмі айқындалған Іс-қимыл жоспарының жобасы шеңберінде екі елдегі архивтердегі өзара тарихқа қатысты құжаттарды анықтап, бірінші кезекте бірлескен жинақтар шығаруға келістік",- деді Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Қаһарманұлы.

Оның айтуынша, келесі жылы Қазақстан Жазушылар одағынан құралған арнайы топ Өзбекстан архивінде жүйелі зерттеу жүргізетін болады. Сонымен қатар "Өзбекстан архив құжаттарындағы Қазақстанның мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің тарихы" атты жинақ та дайындалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу