Арқалық қаласының әуежайына ресми түрде халықаралық код берілді

299

Аталған код бірегей болып табылады.  

Арқалық қаласының әуежайына ресми түрде халықаралық код берілді Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын AYK ресми кодын берді.

Аталған код бірегей болып табылады және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуе билеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу