Арқалық қаласының жылу электр орталығында апат болды

731

Жергілікті билік жағдайға қатысты түсінік берді.  

Арқалық қаласының жылу электр орталығында апат болды Фото: inform.kz

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Сағат 17.00 шамасында қалалық ЖЭО-ның жылу қазандығында ауқымды емес жарылыс болды. Салдарынан қазандықтың қаптамасы бұзылды. Су жылытатын – екінші және үш бу қазандығы бүлінген жоқ. Қаза болғандар және жұмысшылар арасында зардап шеккендер жоқ. Аталған ақау жылу мен су беруге әсер етпейді", - деді Арқалық қаласы әкімдігінен.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, жөндеу шаралары жұмыс тәртібімен атқарылатын болады.

Онымен қоса, қала билігі азаматтардан әлеуметтік желіде жалған мәлімет таратпауды сұрайды.

Айта кетейік, Арқалық жылу электр орталығы ауқымды реконструкциядан кейін былтырғы күзде іске қосылған. Қаладағы ЖЭО мазуттан көмірге көшкен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу