"Арқалық – Нұр-Сұлтан" пойызында нәресте дүниеге келді

975

2021 жылғы 8 қазанда №603 "Арқалық – Нұр-Сұлтан" бағытындағы жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚТЖ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Арқалық – Нұр-Сұлтан" пойызында нәресте дүниеге келді

Арқалық станциясынан жөнелтілгеннен кейін ер адам пойыз бригадасының қызметкерлеріне зайыбының толғағы келіп қалғанын хабарлаған.

Төрехан Әбдірайымов бастаған пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекетке көшіп, келесі станцияға жедел жәрдем шақырылды. Темір жолда 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, оның ішінде 3 жылдан бері пойыз бастығы Т. Әбдірайымов мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр екен.

Дәрігерлер келгенге дейін теміржолшылар әйелді босануға дайындай бастады. Жолсеріктер Ирина Андреева мен Жаңыл Баталова жолаушылар арасынан табылған дәрігерлер Светлана Аяпова (зейнеттегі акушер-гинеколог) және Гаухар Қойшығұлованың (емдеу ұйымының басшысы) нұсқауымен әрекет жасады. Жүкті әйелді аман-есен босандыру үшін вагонда барлық қажетті жағдайлар жасалды және біраз уақыттан дүниеге қыз бала келді.

Пойыз Державинск бекетіне жеткеннен кейін жас ана Нұрайлым Құрманалы мен оның нәрестесін жолсеріктер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу