Арқалық қаласының жаңғыртылған әуежайы 2026 жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алғашқы рейстер Алматы, Астана және Қостанай бағыттарына жүреді. Әуежай бизнес, білім, туризм және жолаушылар қатынасын дамытуға, сондай-ақ қала мен өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Арқалық әуежайы XX ғасырдың екінші жартысында салынған, бірақ 1990 жылдардағы дағдарыс салдарынан ұзақ уақыт жұмыс істемеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу