Арман Жүкенов Ақмола облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

864

Арман Жүкеновтің сот жүйесінде 16 жылдан астам жұмыс өтілі бар.

Арман Жүкенов Ақмола облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов Ақмола өңірі судьяларының кеңесінде облыстық соттың жаңа төрағасы Арман Жүкеновті таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz  Жоғарғы сот сайтына сілтеме жасап.

Арман Серіктайұлы Жүкенов 1983 жылы Абай облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында білім алған.

Еңбек жолын Астана қаласының Алматы ауданында сот отырысының хатшысы болып бастаған. Жоғарғы Сот Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2009-2014 жылдары – Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы.

2015-2021 жылдары – Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы.

2021 жылдан осы тағайындауға дейін – Астана қалалық сотының судьясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу