Әзербайжанмен шекаралас аймақта болған қарулы қақтығыс салдарынан Армения 207 азаматынан айырылды. Оның үшеуі бейбіт тұрғын. 300-ге жуық адам жараланған. Қазір 20 әскери тұтқынға алынған. Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізген армяндар осындай хабар таратты.
Онда Әзербайжан барлық әскери техникасын пайдаланып, 36 елді мекенді нысанаға алғаны айтылды. Салдарынан 192 үй жарамссыз болып, 3 қонақ үй, екі мектеп, 1 медицина мекемесі қираған.
Қазір қарулы қақтығыс тоқтағанмен, шекаралық аймақта тұратындарда маза жоқ. 79 азаматын жоғалтқан әзербайжандар шекаралық аймақтағы армяндар диверсия жасағанын айтады.
Сегіз сағатқа созылған шайқасты солар бастады деген Алиев шекаралық шиеленістерді тоқтату мүмкін емес. Бастысы жағдай тұрақталды деді.
Естеріңізге салайын, Өкілдер палатасының Ереванға келуі жағдайды шиеленістіре түсті. Бакудегі билік іске АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының да араласуын жөнсіз деп санайды.