Армения әуе кеңістігін уақытша жабады

188

3–5 мамыр аралығында жалпы мақсаттағы авиация рейстерін орындауға уақытша тыйым салынады.  

Армения әуе кеңістігін уақытша жабады Фото: focusedcollection.com

Мұндай шешім елде ауқымды халықаралық іс-шаралардың өтуіне байланысты енгізіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

VIII Еуропалық саяси қоғамдастық саммиті, Армения–ЕО саммиті және "Ереван диалогы" бастамасы өтеді. Сондай-ақ көптеген шетелдік делегацияның келуі жоспарланған.

– Қауіпсіздік мақсатында 2026 жылғы 3–5 мамыр аралығында Арменияның әуе кеңістігінде жалпы мақсаттағы авиацияның кез келген ұшуларына, соның ішінде азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараттарына тыйым салынады, – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін VIII Еуропалық саяси қоғамдастық (ЕҚС) саммиті 2026 жылғы 4 мамырда Ереванда өтетіні хабарланған еді.

Алдағы саммиттің негізгі тақырыптарының бірі – өзара байланыс мәселесі. Атап айтқанда, Орта дәлізді (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) дамыту және Еуропа, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия арасындағы тауарлар, энергия ресурстары және талшықты-оптикалық коммуникациялар бойынша үздіксіз байланысты қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу