Армения-Әзербайжан шекарасының тыныштығы тағы бұзылды

399

Екі тарап бірін-біріне кінә тағып, арандатушылық болды деп ақталды. 

Армения-Әзербайжан шекарасының тыныштығы тағы бұзылды Фото: Ulysmedia

Армения-әзербайжан шекарасында тағы да атыс болып, қаза тапқандар туралы хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Әзербайжанның арандатуының нәтижесінде армян тарапынан төрт адам қаза тауып, алты адам жараланды. Әзербайжан жағында да қаза тапқандар мен жараланғандар бар", - деп хабарлайды Армения Қорғаныс министрлігінің сайты.

Соңғы мәліметтер бойынша шекарада жағдай тұрақталды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі үш әскери қызметкер қаза тапқаны туралы хабарлады.

"11 сәуірде сағат 16.20 шамасында Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Горис ауданының Дыг елді мекенінің бағытында Әзербайжан армиясының Лачинск бағытындағы қарама-қарсы позицияларына әртүрлі калибрлі атыс қаруынан оқ жаудырды. Жау минометтер мен ірі калибрлі қарулардан біздің позицияларымызды атуды жалғастырды. Біздің әскери қызметшілеріміздің қырағылығының арқасында армян тарапының арандатуы үзілді-кесілді тоқтатылды, атыс позициялары тынышталды. Әзербайжан армиясы тойтарыс беруімен Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері айтарлықтай шығынға ұшырады", - делінген Әзербайжан әскери департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу