Армения, Әзірбайжанға шекараны шегендеу бойынша тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз – Мұхтар Тілеуберді

606

Қазақстан өз шекарасын құрлық пен теңіз шекарасының барлық периметрі бойынша белгілеп қойған.

Армения, Әзірбайжанға шекараны шегендеу бойынша тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз – Мұхтар Тілеуберді

Қазақстан армян-әзірбайжан шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

"Әзірбайжан мен Армения арасындағы шекара белгіленбегендіктен, шекараны бұзу туралы айту қиын. Сол себепті де ең бірінші міндет – армян-әзірбайжан шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның жұмысын қайта бастау. Біз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз", – деді министр.

Ол Қазақстан өз шекарасын құрлық пен теңіз шекарасының барлық периметрі бойынша белгілеп қойғанын атап өтті.

"Ресейден басқа барлық елмен шекараны демаркациялау аяқталды. Ресеймен бұл әлі 2-3 жыл алуы мүмкін", – деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, 13 қыркүйекке қараған түні Әзірбайжан және Армения шекарасында әскери қақтығыс туындаған болатын.

Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян 49 армян сарбазы қайтыс болғанын мәлімдеді. Өз кезегінде Баку "Армения Қарулы Күштерінің әзірбайжан-армян шекарасы аудандарындағы арандатушылық әрекеттері" туралы хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу