Армения Әзербайжанмен шекарадағы қақтығыста үш әскеридің қаза болғанын мәлімдеді

1064

Армения Әзербайжанмен шекарадағы қақтығыста үш әскеридің қаза болғанын мәлімдеді

Әзербайжанмен шекарада қақтығыс кезінде үш армян әскери қызметшісі қаза тапты, деп мәлімдеді Арменияның қорғаныс министрлігі. Бұған дейін  ведомство шекарада жанжал басталып, онда гранатомет қолданылғанын айтқан болатын.

Әзербайжан мен Армения арасындағы шекарада болған қақтығыста үш әскери қызметші оққа ұшты. Бұл туралы "Интерфакске" қорғаныс министрі Арцрун Ованнисян мәлім етті.
Қаза тапқан армян әскерилерінің біреуі – офицер, деп нақтылады ол. Сондай-ақ бір әзербайжан әскериі көз жұмып, оның денесі армян жағында қалып отыр.
Бұдан бұрын Армения 29 желтоқсанда Арменияға мемлекеттік шекара арқылы  Әзербайжаннан бүлікшілер өтуге әрекет етті деп мәлімдеді. Оқиға Арменияның Тавуш облысына қарасты Чинари ауылына жақын маңда болған.  Қақтығыс кезінде снайперлік қару мен гранатомет қолданылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу