Армения БҰҰ-ға Әзербайжанға қарсы шағымданды

437

Армения екінші рет БҰҰ Халықаралық сотына Әзербайжанның Арменияны Қарабақпен байланыстыратын жол - Лачинск өткелінде БӨП орнатуына байланысты жүгінді. 

Армения БҰҰ-ға Әзербайжанға қарсы шағымданды Фото: EADaily

Бұл туралы Халықаралық құқықтық мәселелер жөніндегі өкіл Егише Киракосян Арменияның қоғамдық теледидарына берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Армения — Арцах — Армения жолында БӨП орнатылғаннан кейін біз БҰҰ Халықаралық сотына екінші рет жүгіндік. Ереван Гаага біздің шағымымыз бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін Лачинск дәлізі арқылы кедергісіз қозғалысты талап етіп, Бакуге қатысты уақытша шара қолданылады деп күтеді", — деді Киракосян.

Арменияның халықаралық құқықтық мәселелер жөніндегі комиссарының кеңсесі Баку БҰҰ сотының аралық шешімдерін орындамай, сонымен қатар Еуропалық адам құқықтары сотының шешімдерін елемейді деген мәселені көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу