Армения ЕО-ға кіруге өтінім береді

91

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян дүйсенбіде парламент депутаттарына елдің ЕО-ға кіруге өтінім беруге дайындықты бастайтынын мәлімдеді.  

Армения ЕО-ға кіруге өтінім береді Фото: euronews.com

Пашинян Ереванның жақын арада ЕО-ға қосылуға ресми өтінім беретінін және жалпыұлттық референдум бастайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты Еuronews-ке сілтеме жасап.

Парламентте депутаттар мен азаматтарға арнаған сөзінде Пашинян елдің болашағы туралы мәселе ЕО-ға кіруге ресми өтінім берілгеннен кейін ғана референдумға шығарылатынын айтып, оның мерзімін "жақын арада" деп сипаттады.

Оның айтуынша, үкімет кезең-кезеңімен әрекет етуге ниетті: алдымен өтінімге Брюссельдің жауабын күту, содан кейін ЕО-ға қосылу туралы келіссөздердің жол картасын талқылау және тек осыдан кейін ғана мүшелік мәселесін жалпыұлттық референдумға шығару.

Қазіргі уақытта Ресей басқаратын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ/ОДКБ) мүше Армения бірнеше ай бұрын альянстағы серіктестерінен іс жүзінде ультиматум алған болатын: не мүшелікті сақтау, не ұлттық референдум арқылы ЕО-ға баратын өз жолын таңдау.

Ол кезде Пашинян мұндай шешім қабылдау ерте екенін мәлімдеген еді: елге Ресей ықпалынан шығу әрекеті үшін Мәскеу тарапынан экономикалық шектеулер түрінде қатты қысым көрсетілді.

Ал президент Владимир Путин Ереванға тікелей "украиналық сценариймен" қорқытты. Өйткені Кремльдің пікірінше, ЕО мен ҰҚШҰ-ға мүшелік бір-бірімен үйлеспейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу