Армения Қарабақ территориясын мойындады

1075

Бұл туралы Еуропалық Одақ кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Армения Қарабақ территориясын мойындады Фото: 24 Канал

Армения премьер-министрі Пашинян Гранадада Еуропалық саяси қоғамдастық саммитінің декларациясына қол қойып, онда Әзербайжанның аумақтық тұтастығын мойындады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Құжатта Әзербайжанның аумағы Қарабақ территориясын қосқанда 86,6 мың шаршы шақырымды құрайды деп көрсетілген.

 "Тараптар барлық күш-жігерді Арменияның (29 800 шаршы км) және Әзербайжанның (86 600 шаршы км) егемендігін, шекараларының мызғымастығы мен аумақтық тұтастығын тануға негізделген екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағыттамақ", - делінген декларацияда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу