Армения Қорғаныс министрлігі: Әзербайжан Қарулы Күштері атысты тоқтату режимін бұзды

579

Армения Қарулы Күштерінің қарсы әрекетінен кейін Әзербайжан тарапынан атыс тоқтаған. 

Армения Қорғаныс министрлігі: Әзербайжан Қарулы Күштері атысты тоқтату режимін бұзды

Әзербайжанның Қарулы Күштері Армениямен шекараның шығыс бағытында атысты тоқтату режимін бұзды, деп хабарлады Армения Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Арам Торосян.

"23 қыркүйекте сағат 07.40-та Әзербайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері шекараның шығыс бағытында орналасқан армян жауынгерлік позициялары бойынша түрлі калибрлі қарулардан оқ жаудырып, атысты тоқтату режимін тағы да бұзды", – делінген хабарламада.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу