Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындауға келісті

400

Келісім жайлы ЕАЭО кеңесінің отырысында хабарланды.

Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындауға келісті Фото: Главком

Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын тануға келісті, деп жазады inbusiness.kz Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Пашинян Армения барлық көлік және экономикалық дәліздерді, сондай-ақ Әзербайжанмен аймақтық коммуникациялар жолдарын ашуға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев "Армения Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі деп танығаннан кейін, екі ел арасындағы бейбіт келісімге қол қойылуы әбден мүмкін" деді. Ол сондай-ақ Әзербайжанның Арменияға қатысты аумақтық талаптары жоқ екенін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, "Коммерсант" жазғандай, Армения мен Әзірбайжан басшылары екі құжатқа қол қояды: көлік коммуникацияларының жолдарын ашу туралы және Әлиев, Пашинян мен Владимир Путиннің екі елдің аумақтық тұтастығын өзара тану туралы бірлескен мәлімдемесі. Басылым атап өткендей, мұндай мәлімдемеге Армения мен Әзербайжан басшылары осымен бесінші рет қол қояды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу