Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары Женевада бейбітшілік келісімін талқылайды

594

2 қазанда Женевада Армения мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрлері Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоянның кездесуі өтеді.

Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары Женевада бейбітшілік келісімін талқылайды

Әзербайжан СІМ баспасөз қызметінің басшысы Лейла Абдуллаева бүгін Армения сыртқы саясат ведомствосының баспасөз хатшысы Ваан Унанян жариялаған кездесуді өткізу фактісін растады.

Кездесу өткізуге Баку тарапы бастамашылық жасаған.

"31 тамызда екі ел басшыларының Брюссельдегі кездесуінде қол жеткізілген келісімге сәйкес, бейбітшілік келісімін талқылау үшін Әзербайжан тарапынан министрлердің кездесуін өткізу ұсынылды", – деді Абдуллаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу