Армения мен Әзербайжан Вашингтонда кезекті келіссөз өткізеді

351

Осы аптада Вашингтонда Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынастарды реттеу туралы келісімді талқылаудың кезекті раунды өтеді.  

Армения мен Әзербайжан Вашингтонда кезекті келіссөз өткізеді Фото: Ведомости

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 27 маусымда басталатын келіссөздерге қатысу үшін АҚШ-қа келді, деп жазады  

Армян-әзербайжан келіссөздерінің бұл кезеңі Вашингтонда 12 маусымда өтуі керек еді, бірақ Бакудің өтініші бойынша кейінге қалдырылды.

Алдыңғы талқылаулар АҚШ астанасында 1-4 мамырда өтті. Оның қорытындысы бойынша Ереван мен Баку "Бейбітшілік және мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы" екіжақты келісім жобасының кейбір баптары бойынша ортақ шешімге келгендері туралы бірдей мәлімдемелер таратты. Алайда "кейбір негізгі мәселелер бойынша ұстанымдар әлі де біржақты емес" деп айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу