Армения мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қатынас орнатты

381

1991 жылы КСРО ыдырағаннан бері бұл елдер дипломатиялық қатынаста болған емес.  

Армения мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қатынас орнатты Фото: arabnews.com

Армения мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Армения СІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"24 қарашада Армения Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды. Хаттамаға Арменияның БАӘ-дегі елшісі Карен Григорян және Сауд Арабиясы Корольдігінің БАӘ-дегі елшісі Сұлтан ибн Абдалла Әл-Ангар қол қойды", - деп жазылған хабарламада.

1991 жылы КСРО ыдырағаннан бері бұл елдер дипломатиялық қатынаста болған емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу