Армения премьер-министрі Никол Пашинян қызметінен кететінін мәлімдеді

234

Сонымен қатар ел Үкіметі де толық құрамда отставкаға кетті.  

Армения премьер-министрі Никол Пашинян қызметінен кететінін мәлімдеді Фото: Дмитрий Астахов/POOL/ТАСС

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бастаған үкімет отставкаға кетті. Бұл шешім ел парламентінің жаңа шақырылымы жұмысын бастауына байланысты қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Пашинян әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, шешім ел Конституциясының талаптарына сәйкес қабылданған.

Cонымен қатар Никол Пашинян қазіргі Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешімге қол қойғанын, құжатқа қол қою үшін Армения президенті Ваагн Хачатурянға жолданатынын айтты.

Арменияның IX шақырылымдағы Ұлттық жиналысының алғашқы отырысы 2 тамызда басталды. Үкіметтің отставкасы конституциялық рәсім аясында жүзеге асырылып отыр.

Енді Армения президенті парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты премьер-министр қызметіне тағайындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу