Армения президенті ұлыбританиялықтарды ашуландырды

1155

Армения басшысы суретке түсу арқылы Елизавета ІІ-мен көпшілік алдында қоштасу үшін белгіленген ережелерді бұзды. 

Армения президенті ұлыбританиялықтарды ашуландырды

Армения Президенті Ваагн Хачатурян ережелерге қарамастан, Елизавета II-нің қабірінде суретке түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz The Sun басылымына сілтеме жасап.

"Армения Президентінің қоластындағы қызметкердің оны Вестминстер холлдағы патшайымның қабірінің алдында суретке түсіргені британиялықтардың шамына тиді. Патшайым жатқан 1000 жылдық салтанатты ғимараттың ішіндегі қатаң ережелер камераны пайдалануға тыйым салады. Үлкен залға кірерде барлығы ережелер жазылған құжатты алады", – делінген The Sun материалында.

Басылым бұл оқиға Британдық патшайыммен қоштасу кезінде түсірілімге тыйым салынғаннан кейін алғаш орын алып отыр деп хабарлады.

Сондай-ақ аталмыш оқиғаға зал қызметкерлерінен бөлек, қарапайым британдықтардың да наразылығын тудырды.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу