Армения Ресейдің газын рубль төлеп сатып алып отыр

870

31 наурызда Путин достас емес елдерге ресейлік газды сатудың жаңа тәртібін анықтайтын жарлыққа қол қойған болатын.

Армения Ресейдің газын рубль төлеп сатып алып отыр

Армения ресейлік газға қатысты төлемдерді рубльмен жүзеге асыруда. Бұл туралы елдің Экономика министрі Ваган Керобян мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Cоңғы бірнеше төлем рубльмен жүргізілді, бірақ қазіргібағам бойынша", – деді ол.

Министр бағаның доллар бойынша бекітілетінін мәлімдеді.

"Расымен де,"Газпромның" Арменияға газ жеткізу туралы келісімшарты бірнеше жыл газды рубльмен сатып алуға мүмкіндік берді, қазір де бұл мүмкіндік пайдаланылуда", – деді "Газпромның" ресми өкілі Сергей Куприянов.

Еске сала кетсек, 31 наурызда Ресей президенті Владимир Путин достас емес елдерге ресейлік газды сатудың жаңа тәртібін анықтайтын жарлыққа қол қойған болатын.

Еуропалық комиссия бұл жарлықты ЕО санкцияларына қайшы келеді деп жариялады.

Табиғат Нұрболат

Фото: shutterstock.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу