Армения толығымен қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшеді

585

Арменияның барлық мемлекеттік департаменттерінде ақша айналымы толығымен қолма-қол ақшасыз болуы керек. 

Армения толығымен қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшеді Фото: armeniatoday.news

Бұл туралы Премьер-Министр Никол Пашинян Республика Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Арменияның жаңадан құрылған ІІМ басшысы Ваге Казарянға жүгінген премьер-министр бұл Министрлік мемлекеттік қызметтердің үлкен көлемін, соның ішінде автомобиль нөмірлері мен жүргізуші куәліктерін беру пункттерінде, сондай-ақ паспорт-виза қызметі бөлімдерінде ұсынатынын атап өтті. Мұндағы барлық төлемдер қолма-қол ақшасыз болуы тиіс, бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, мемлекеттік бюджетке қаражаттың түсуін бақылауға мүмкіндік береді, деп атап өтті Пашинян.

Оның айтуынша, алдағы уақытта терминалдармен төлем жасаудан бас тартып, барлық төлемдерді тек банк карталарынан жүргізу керек, бұл қаражаттың қайдан, қалай келгенін, яғни төлемдердің заңдылығын барынша дәл бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл мемлекеттік мекемелерге де, ауруханаларға да қатысты, бірақ азаматтар үшін де, мекемелердің өздері үшін де қолайсыздықтар туғызбау үшін жаңа талапты енгізіу біртіндеп жүргізілуі керек.

Қолма-қол ақшасыз айналымға көшу - қазіргі Армения Үкіметінің стратегиясының бірі. 2022 жылғы 1 шілдеден бастап республикада "Қолма-қол ақшасыз операциялар туралы" заң күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу