Армения ҰҚШҰ-дан шығып кетсе де, ұйым жұмысын жалғастырады

224

ҚР СІМ Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтату жайында ресми хабар таратпағанын мәлімдеді. 

Армения ҰҚШҰ-дан шығып кетсе де, ұйым жұмысын жалғастырады Фото: report.az

Армения ҰҚШҰ құрамынан заңды түрде шығу туралы шешім қабылдаған жағдайда да ұйым өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ұйым оған мүше елдердің бірі қатысуын тоқтатып жатса да, әрине, өзінің әрі қарайғы қызметін жалғастыра береді. Ұйымды құратын шартта жаңа мүшелердің кіруі және қазіргі мүшелердің шығуы туралы барлық шарттар жазылған. Менің білуімше, Армения ұйымға қатысуын уақытша тоқтату үшін ешқандай құқықтық қадамдар жасаған жоқ. Қазір Қазақстан өкілі ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы екені белгілі. Қазақстан, біздің ойымызша, қауіпсіздік саласындағы өте маңызды ұйымды нығайтуға барынша тырысады", — деді СІМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу