Армения ҰҚШҰ саммитіне қатысу туралы шешім қабылдаған жоқ

200

Ел іс-шараға қатысатынын немесе қатыспайтынын әлі шешкен жоқ.

Армения ҰҚШҰ саммитіне қатысу туралы шешім қабылдаған жоқ Фото: odkb-csto.org

Армения қараша айының соңында Минскіде өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысу туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы Армения Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Вахан Костанян мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтіме жасап.

"Әзірге қатысу туралы нақты шешім қабылдаған жоқпыз. Теория жүзінде қатысу да, қатыспауымыз да мүмкін", - деді Костанян.

Сонымен қатар, ол "Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы үшін заңды процестер жүзеге асқан жоқ" деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, ҰҚШҰ саммиті 23 қарашада Минскіде өтеді деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу