Арменияда 15 әскеридің өліміне не себеп болғаны анықталды

448

Армения Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің инженерлік-саперлік ротасының жеке құрамы орналасқан жерде 15 сарбаздың өмірін қиған өрттің тұтануына себеп болған жағдайлар анықталды. 

Арменияда 15 әскеридің өліміне не себеп болғаны анықталды Фото: Корреспондент.net

Республиканың Тергеу комитетінің хабарлауынша,  кезекшілікте болған инженерлік-саперлік ротаның офицері, капитан пешті бес литрлік пластикалық ыдыстағы бензинмен жағуға тырысқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Пешке бензин құйылғаннан кейін от лап ете қалды, кезекші капитан күйік алып, қолындағы бензин ыдысын қорыққаннан бүйіріне лақтыра салған. Кейін тәуліктік нарядта жүрген әскери қызметшімен бірге ғимараттан шығып кетті", - делінген хабарламада.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы куәгерлердің айғақтарымен расталады, олар  әскери бөлімшеде 10 бес литрлік бензин құтысы болғанын хабарлады.

"Өрт тез таралғандықтан, әскери қызметшілер есікті пайдалана алмады, сырттағы әріптестер екі сарбаздың шығуына көмектесті", — деп хабарлайды Тергеу комитеті.

Сыртта тұрған жүргізушілердің бірі ғимараттың қабырғасына "Урал" көлігімен екі рет соғылып, әріптестеріне көмектеспек болған.

"Алайда, өрттің тез таралып, қалған әскери сарбаздарды жалын арасынан шығару мүмкін болмады, нәтижесінде 15 әскери қаза тапты. Өрт сөндірілгеннен кейін олардың денелері шығарылды", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Гегаркуник облысы Азат ауылының аумағында орналасқан Армения Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінде бейсенбіде өрт болып, 15 әскери қызметші қаза тапқанын еске саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу