Арменияда депутаттар парламент отырысында төбелес шығарды

251

Желіде бейнежазба тарады.

Арменияда депутаттар парламент отырысында төбелес шығарды Фото: x.com/@btnewsaz

Армения парламентінде билеуші партия мен оппозиция депутаттары арасында төбелес болды. Aravot басылымының жазуынша, осыған байланысты Ұлттық жиналыстың спикері Рубен Рубинян отырысты үзуге мәжбүр болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Жанжал "Күшті Армения" оппозициялық фракциясының депутаты Эдгар Казарянның баяндамасы кезінде басталды. Ол өз сөзінде Ұлттық жиналыстың спикері Рубен Рубинян өз міндеттерін орындаудан, отырыстарға қатысудан бас тартып жатқанын және заңсыз шешімдер қабылдап жатқанын мәлімдеді. Спикер оның сөзін "күн тәртібіне сәйкес келмейді" деп тауып, микрофонын өшіріп тастаған. Оппозиция өкілдері талап еткен соң, Казарянға сөзін жалғастыруға мүмкіндік берілді. Осы сәтте депутат Ұлттық жиналыстың спикерін бюджет қаражатын ысырап етті деп айыптады.

"Бұл ақшаны тиынына дейін сізден қайтарып аламыз", – деді оппозициялық партияның депутаты. 

Осыдан кейін Рубинян микрофонды қайтадан өшіріп тастады. "Азаматтық келісім" партиясының депутаты Ваге Галумян "Күшті Армения" партиясының өкілдеріне қарай беттеді, содан кейін жанжал басталып, арты төбелеске ұласты. Бұған сондай-ақ армян апостол шіркеуі төңірегіндегі жағдайды зерттеу үшін құрылған парламенттік тергеу комиссиясы себеп болды. Оппозиция бұл комиссияның құрылуын заңға қайшы деп есептеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу