Арменияда үш күндік аза тұту басталды

613

Акция Қарабақта қайтыс болғандарға арналады.   

Арменияда үш күндік аза тұту басталды

 

Армения 19-21 желтоқсан күндерін   Таулы Қарабақта қаза тапқандарды еске алу, аза тұту күні деп жариялады. Шара Ераблурдегі әскери пантеонда өтеді. 

"19 желтоқсан - Қарабақта әскери қақтығыстың тоқтатылғанына қырық күн болады және соған байланысты 19 желтоқсан үш күндік аза тұту күні жарияланады", - деген еді бұған дейін республика премьер-министрі Никол Пашинян.

Оның сөзінше іс-шара Еревандағы Ераблур әскери пантеонында өтеді. 

Сондай-ақ мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының басшылығы да 19 желтоқсаннан бастап үш күндік аза тұту күнін жариялады. 

Бұл туралы Таулы Қарабақ республикасының президенті Араик Арутюнян өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу