Армениялық көліктерге 2 рет салық салынбайды

1108

Қазақстан мен Арменияның қаржы министрліктері көлік салығы бойынша өзара уағдаластыққа келді.

Армениялық көліктерге 2 рет салық салынбайды Фото: inbusiness.kz

Армениядан көлік әкелген қазақстандықтар 2 рет көлік салығын төлемейді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

2020 жылдың 1 ақпанынан дейін Армениядан көлік әкеліп, Қазақстанда есепке қойған тұрғындар заңға сәйкес көлік салығын төлеуге міндетті. 

"Қос елдің министрліктері қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында көлік құралдарына салық салу бойынша өзара уағдаластыққа келді", - деп жазылды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне таратқан хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қос мемлекетте мұндай көліктерге салық сала алады.

"Ел тұрғындарының Қазақстан аумағына әкелген автомобильдері осы күнге дейін Армения уәкілетті органдарында тіркеуден шығарылған жоқ. Сондықтан қос ел мұндай көлік құралдарына салық сала алады", - деп жазылды хабарламада.

Алайда Қазақстан мен Арменияның қаржы министрліктері қосарланған салықты болдырмау мақсатында арнайы келіссөз жүргізген.

"Нәтижесінде Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанынан дейін әкелінген, меншік құқығы бойынша Қазақстан резиденттеріне тиесілі автомобильдерге Табыс пен мүлiкке салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның 21-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес ҚР Ішкі істер органдарында тіркеу есебіне қойылған сәттен бастап, ұлттық заңнамаға сәйкес, бұл көлікке салық Қазақстанда салынады деген уағдаластыққа қол жеткізілді", - деп жазылды хабарламада.

Бұл келісімді орындау үшін қос елдің салық органдары Қазақстанда тіркелген көліктер бойынша (күнін көрсете отырып) мәлімет алмасуды жүргізеді.

"Мұндай көліктерге қатысты қосарланған салық салу туындамайды", - деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, ҚР Салық кодексіне сәйкес, қазақстандықтар мемлекеттік органдарда көлігін есепке қойған соң көлік салығын төлеуге міндетті.

Мысалы, көлік 2020 жылдың 1 қарашасында тіркеуге қойылса, 2021 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей, өткен жылғы қараша мен желтоқсан үшін көлік салығын төлеу керек. Бұл талап орындалмаса, әрбір өткен күн үшін өсімпұл есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу