Армениямен қақтығыста 71 әзербайжандық қаза тапқан

613

Әзербайжан Армениямен қақтығыс нәтижесінде орны толмайтын шығынды нақтылады.

Армениямен қақтығыста 71 әзербайжандық қаза тапқан

Бүгін Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Армения шекарасындағы ұрыс кезінде қаза тапқан 21 әскери қызметшінің есімдерін жариялады. Осылайша, Баку қазір Әзербайжан тарапынан 71 әскери адамның қайтыс болғанын растады.

Бұған дейін республика Қорғаныс Министрлігі 50 қаза тапқан сарбаздар мен офицерлер туралы хабарлаған болатын.

Армения бүгінгі таңда өз тарапынан 105 әскери қызметшінің қаза тапқанын мойындады.

Әзірге ресми расталмаған мәліметтерге сәйкес, Әзербайжан билігі қаза тапқан армян әскерінің шамамен 100 денесін Ереванға беруге дайын екені айтылады. Сондай-ақ БАҚ-та Әзербайжан тұтқынына түскен Армения Қарулы Күштерінің 20-ға жуық сарбазы туралы хабарламалар бар. 

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу