Арнайы экономикалық аймақтардағы отырыстар қорытындыланды

482

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары өңірлерді аралау қорытындысы бойынша "Арнайы экономикалық аймақтардың нақты жай-күйі және жұмыс істеуінің алдағы перспективалары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.      

Арнайы экономикалық аймақтардағы отырыстар қорытындыланды Фото: parlam.kz

Сенаторлар бір жыл ішінде еліміздің әр өңіріндегі арнайы экономикалық аймақтарға барып проблемаларды зерделеді, арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылармен кездесті, дамудың одан әрі перспективаларын айқындау және осы саланың қызметін жетілдіру үшін салалық мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірледі.

Комитет төрағасы Серікбай Трұмов дөңгелек үстел барысында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту екендігін атап өтті.

"Комитет мүшелері арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында АЭА нысандарына жүйелі түрде сапарға шығып, олардың қызметіне талдау жасады. Осы шаралардың нәтижесі бойынша заңнамалық актілермен реттелген көптеген мәселелер шешілді, қосымша бюджет қаржысы бөлінді, сондай-ақ Үкіметке бірқатар ұсыныстар жіберілді", - деді ол.

Депутаттардың ұсынымдарында мынадай ұсыныстар болды: инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, газ тарату станциясын салу, инфрақұрылым объектілерін басқару жөніндегі бірыңғай операторды айқындау, жеке капитал мен инвестиция тарту және басқа да өзекті мәселелер қамтылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі сенаторлардың ұсыныстарының басым бөлігі назарға алынғанын атап өтіп, АЭА-ны жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында заңнамалық актілерге түзетулер топтамасы әзірленгенін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында сонымен қатар Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмірин, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Сыртқы істер министрлігінің өкілі және АЭА қатысушылары баяндама жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу