Арнайы экономикалық аймақтардың аумағы қысқарады

613

Еліміздегі 13 АЭА-нің 3-і ғана инфрақұрылыммен толық қамтылған. 

Арнайы экономикалық аймақтардың аумағы қысқарады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі инфрақұрылымның дайын болуымен және инвестордың қажеттілігін толық өтеумен өлшенеді. Бүгінде аймақтарда орта есеппен 70% инфрақұрылым жүргізілген. 3 экономикалық аймақта ол толық аяқталған. Олар "Инновациялық технологиялар паркі", "Оңтүстік", "Қорғас". Бұл мәселені шеші үшін инфрақұрылыммен қамтылмаған жерлерді арнайы экономикалық аймақ аумағынан шығарып тастау ұсынылып отыр", – дейді комитет төрағасы. 

Ілияс Оспановтың айтуынша, бұл бағытта арнайы сараптама жүргізілген. Соның нәтижесінде кей арнайы экономикалық аймақтарды инфрақұрылыммен толық қамту қажет емес екені анықталған. 

"Бұл бірінші кезекте аймақтарды дамытуға басымдық беруге және қаржы үнемдеуге бағытталған", – деді спикер. 

Еске сала кетсек, елдегі арнайы экономикалық аймақтар салалардың дамуын жеделдету және шетелдік инвестицияларды тарту үшін құрылған. Мұнда жер салығы және мүлік салығы 0%-ды құрайды. Сонымен қатар компаниялар импортта кедендік баж салығынан босатылады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу