Батыс Қазақстан аумағына құлаған дронның қай елдікі екені анықталады

134

Бұған дейін БҚО аумағында дрон құлаған болатын.   

Батыс Қазақстан аумағына құлаған дронның қай елдікі екені анықталады Фото: mgorod.kz

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков  Мәжіліс кулуарында батыс Қазақстан аумағына дрон құлау дерегі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Олардың қай елге тиесілі екенін талдап, анықтау керек. Қазіргі таңда құзырлы органдардан комиссия құрылды. Бұл комиссияның ішіне Қарулы күштердің де мамандары сарапшы ретінде кірді. Комиссия жұмысын атқарып жатыр", – деді спикер.

Асқар Мұстабековтің сөзінше, талдау нәтижелері әлі шыққан жоқ. Ведомство өкілі әуе кеңістігін қорғау үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері ғана емес, радиоэлектрондық күрес құралдары да да бар екенін атап өтті. 

"Біздің барлық аумақта бұл құралдар жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Заң жүзінде барлық актілер қабылданған. Қазір фактілердің бәрі тексеріліп жатыр. Тексеру амалдары аяқталмағанша, оның нәтижесі туралы айта алмаймын", – деді ол. 

Айта кету керек, бұған дейін Батыс Қазақстан аумағында тағы бір дрон анықталғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу