Арнайы комиссия Теңіз кен орнындағы талаптардың сақталуы бойынша шешім шығарды

729

Комиссия өндіріс орындарының барлық бөлігін тексерген.

Арнайы комиссия Теңіз кен орнындағы талаптардың сақталуы бойынша шешім шығарды

"Теңізшевройлда" КОВИД-19-ды жұқтырғандар еселеніп жатса да, тексеруге барған арнайы комиссия оң қорытынды шығарды. Мамандар мұнай кенішінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың жоғары деңгейде сақталғанын жеткізген, деп хабарлайды Atameken Business.

Жедел штаб таратқан мәліметке сенсек, комиссия өндіріс орындарының барлық бөлігін тексерген.

"Газ бен мұнай шығару ошақтарындағы жұмысшылар жасыл және қызыл аймаққа бөлінген шектеулермен жүреді. Ұжымды қауіпсіз жерге көшіру, тұрақжаймен қамту бөлігінде қауіпсіздік ережелері сақталған", –­ деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова індетті жұқтырғандар саны арта берсе, "Теңізшевройл" мәжбүрлі түрде жабылатынын жеткізген.

Айта кетсек,қазір мұнай кенішіндегі 730 адамнан індет анықталған. Мұнда барлығы 30 мың адам қара алтын өндірісіне жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу