Арнайы құрылған комиссия судан келген шығын көлемін анықтап жатыр

780

Арнайы құрылған комиссия судан келген шығын көлемін анықтап жатыр

Семейде Ертіс өзеніндегі су деңгейі біртіндеп түсіп келеді. Кеше кешкісін қала әкімінің өкімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Арнайы құрылған комиссия зардап шеккен үйлердің саны мен шығын көлемін анықтап жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Семейде су деңгейі түсіп келе жатқанымен, қаланың төменгі бөліктерінде әлі де қауіп бар. Сондықтан қалыңдығы бір жарым метрлік мұздарды бүгін де бірнеше жерден жарады.

Қала әкімінің төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі Берік Түсіповтың айтуынша, барлығы 290 үйді су басқан. Оның 150-і Бобровка саяжайлар алқабына тиесілі болса, 140 үй Пристань аумағында орналасқан. Бұдан өзге 587 саяжай телімі де су астында қалған. Бұл аудандарда ауылдан көшіп келіп, саяжайды үй ретінде пайдаланып тұрып жатқан халық көп. Тұрғындарды көшіруге автобустар ұйымдастырылғанымен, көпшілігі үйлерін тастап кеткісі келмеген немесе сол маңайдағы туыстарын паналауды ұйғарған.

"Жалпы біздің қаламыздағы қонақүйлерге 2 күнде 372 адам эвакуацияланды. Ертіс деңгейі – 319 сантиметр, кеше 324 сантиметр болған. Сондықтан су деңгейі төмендеп келе жатыр. Су лақтыру деңгейі ГЭС-тен 1800 сақталып отыр. Осыны ары қарай сақтаса, жалпы біздің жағдай жақсарып, дұрысталады деп ойлаймын", - дейді қала әкімінің төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі Берік Түсіпов.

Енді Семей қаласынан төмен орналасқан Бесқарағай ауданының бірнеше ауылдарына да қауіп төніп тұр. Сондықтан ол жақта да осы бастан үлкен суды қарсы алып, мұз жару жұмыстарын ұйымдастыру қолға алынған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу