Қазақстанда рекордтық 13 тоннадан астам кокаин партиясы тәркіленді

233

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанда рекордтық 13 тоннадан астам кокаин партиясы тәркіленді Фото: Бейнежазбадан

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Уақытылы қабылданған шаралармен Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік салмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Осы жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасауды көздеді.

Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу