"Арселор Миттал Теміртау"-дың жаңа инвесторы кім екені аталды

374

Компанияның жаңа инвесторы қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев болады.  

"Арселор Миттал Теміртау"-дың жаңа инвесторы кім екені аталды Фото: Википедия

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі. Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа инвестор бойынша айтатын болсақ, ол "Allur Group" компаниялар тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев болады.

Ведомство басшысы жаңа инвесторға бірқатар жауапкершілік артылғанын да айтты.

"Жаңа инвестормен жасалған инвестициялық келісім аясында "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнына инвестициялар салу бойынша бірқатар міндеттемелер көзделген. Бұдан басқа бірқатар әлеуметтік міндеттемелер де бар. Бұл жұмыс Қарағанды облысының басшылығымен және жергілікті атқарушы органмен жүргізілді", - деп жауап берді Қанат Шарлапаев.

Осыған дейін Үкімет қазақстандық инвестордың АМТ-ны алу туралы келісім жұмыстары 30 қараша күні аяқталады деп хабарлаған болатын. Тілшілер келісім жұмыстары неге созылып кеткенін сұрады.

"Бұл үлкен транзакция және ірі актив екенін атап өткен жөн. Бұл жұмыстар 7 күнге кешіктірілді. Келісімнің маңызды екенін әрі нәтижелерін ескере келе, бұл жұмыстардың жеті күнге кешігуі де түсінікті", - деп атап өтті министр.

Олардың құқықтық иелігіне 1-2 күнде беріледі", - деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айта кету керек, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Арселор Миттал Теміртау" компаниясымен жұмысты тоқтатуға тапсырма бергенін жазған болатынбыз. Мемлекет басшысы "АМТ"-ны Қазақстан тарихындағы ең нашар компания болғанын айтты.

Кейіннен "АрселорМиттал Теміртау"-дың мемлекетке қайтарылатыны белгілі болды. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға жаңа инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов жаңа инвестор үш жылдың ішінде 3 млрд доллар инвестиция салу қажеттігін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу