"АрселорМиттал Теміртау" блогердің сұрағына жауап берді

993

Компания 2018 жылғы деректер бойынша Теміртау қаласында қатерлі ісікпен сырқаттанушылық деңгейі облыс бойынша орташа деңгейден 21,6% төмен екеніне сендіреді.

"АрселорМиттал Теміртау" блогердің сұрағына жауап берді

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қарағандылық блогер Денис Денскидің Теміртау қаласындағы тұрғындардың денсаулығы, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы сұрақтарына жауап берді.

Бас директордың жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Алексей Агуреев 2018 жылғы деректер бойынша Теміртау қаласында қатерлі ісікпен сырқаттанушылық деңгейі облыс бойынша орташа деңгейден 21,6% төмен екенін жеткізді. Ол мәліметтердің Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының нөмірі 9-1-6-3990 (05.06.19) ресми құжатынан алынғандығын айтады.

Енді компанияның бас директорының кеңесшісі блогерге аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат жіберетін болады.

"Біз өзіміздің толық циклді металлургиялық компания әрі сала көшбасшысы бола тұра, қоршаған ортаға мүлдем әсер етпеуіміздің мүмкін емес екендігін түсінеміз. Алайда, біз бұл әсерді барынша азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз", – деген А. Агуреев блогерді өндіріс пен экологиялық бағыттағы жобалармен танысу үшін металлургиялық комбинатқа шақырды.

Еске сала кетсек, жақында Украина президенті Владимир Зеленский Кривой Рогқа сапарлаған еді. Денис Денски жазғандай, Кривой Рог тұрғындары компанияны онкологиялық ауру жағдайларының өсуіне айыптаған. Осыған байланысты блогер біздің елдегі экологиялық ахуалды да қозғаған болатын.

А. Агуреевтің пікірінше, Кривой Рогтағы жағдайды талқылау кезінде ресми деректерге сүйенген дұрыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу