"АрселорМиттал Теміртау" ісі: 1,8 млрд теңгеге шығын келтірген күдікті қамауға алынды

96

Ведомство БАҚ өкілдерінен қойылған сауалға жауап ретінде арнайы мәлімдеме жасады.

"АрселорМиттал Теміртау" ісі: 1,8 млрд теңгеге шығын келтірген күдікті қамауға алынды Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі ("Qarmet" құқықтық мирасқоры болып саналатын) "АрселорМитталТеміртау" АҚ мүлкін жымқыру ісі бойынша "АлбаСтройДор" ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2015 жылы "АрселорМиттал Темиртау" АҚ мен "АлбаСтройДор" ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Алайда С.Г.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы – "Күзет" ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.

"Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы "ГлобалСпецТорг" ЖШС және "ЦентрОптСнаб" ЖШС арқылы заңдастырған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған. Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу