"АрселорМиттал Темиртау" компаниясына 21 миллион теңге айыппұл салынды

624

Теміртау қаласының прокуратурасы кәсіпорынды экологиялық заңнаманы бұзды деп айыптап отыр. 

"АрселорМиттал Темиртау" компаниясына 21 миллион теңге айыппұл салынды

"АрселорМиттал Темиртау" компаниясына 21 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Atameken Business.

Теміртау қаласының прокуратурасы кәсіпорынды экологиялық заңнаманы бұзды деп айыптап отыр. Атап айтқанда, өндіріс ошақтарынан ауаға шектен тыс қалдық шығарылатыны, шаруашылық-тұрмыстық лас суды төккенде экологиялық талаптар сақтамайтыны және технологиялық қазандықтарды пайдалану ережелерінің сақтамайтындығы дәлелденген. Бұл фактілер энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетіне де жолданған. Соның нәтижесінде металло-комбинат бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Ал облыстық экология департаментінің сотқа берген талабынан кейін кәсіпорын мемлекетке 1,4 млрд теңге өтеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу