"АрселорМиттал Теміртау" шахталарында 1995 жылдан бері қанша кенші қаза тапты

889

Inbusiness.kz сайты кәсіпорын шахталарында болған қайғылы оқиғалардың хронологиясын жинақтады.

"АрселорМиттал Теміртау" шахталарында 1995 жылдан бері қанша кенші қаза тапты Фото: inbusiness.kz

1995 жылы: 13 адам

1995 жылы қарашада Ленин шахтасында метан жарылысы болды. 13 кенші қаза тапты. Жарылыс көмір мен газдың бөлінуінен метан-ауа қоспасының жарылуынан туындаған.

1998 жылы: 3 адам

1998 жылы қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин шахтасында газ жарылысы болды. 3 адам қайтыс болды. 

2004 жылы: 23 адам

2004 жылы желтоқсанда Шахтинск кенішінде газ жарылысы болды. Жарылыс кезінде іште 89 адам болған. Жарылыс ошағына жақын жерде жұмыс істеген 23 адам тіл тартпастан көз жұмды. 

2006 жылы: 41 адам 

2006 жылдың қыркүйегінде Ленин атындағы шахтада ең ірі қайғылы оқиға болды. Қауіпсіздік ережелерін бұза отырып, желдету құбырларын ауыстыру кезінде жарылыс болды. Апаттан 41 көз жұмды. Жарылыс толқыны 4,5 шақырымды қамтыды. 24 сағаттың ішінде қаза болғандар мен жараланғандардың денелері жер бетіне шығарылды. Елде қаралы күн жарияланды.

2008 жылы: 35 адам 

2008 жылдың қаңтарында Абай кенішінде жарылыс болды. Жарылысқа шатырды орнату кезінде от ұшқындап, технология бұзылуы себеп болған. Апаттан 30 адам қайтыс болды.

2021 жылы: 10 адам 

2021 жылдың қараша айында Абай шахтасында метан мен көмір бөлінді. Апат кезінде шахтада 64 адам болған, оның 8-і апатты жағдайда жұмыс істеген. 6 кенші сол жерде көз жұмды, екеуі газдан уланып, жансақтау бөліміне түсті. Қарашадағы қайғылы оқиғадан алты ай өткен соң зауыт цехының шатыры опырылып түсті. Бес адам металлургиялық зауыт цехтарының біріндегі құлаған шатыр үйіндісінің астында қалды. Олардың төртеуі қайтыс болды, бесіншісі маңдай тұсынан ауыр жарақат алды. 

2022 жылы: 10 адам 

2022 жылдың ақпанында "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Шахтинская" шахтасында тау-кен жұмыстары кезінде жұмысшылардың үстіне көмір құлады. Атап айтқанда тікелей минералды қабат үстінде жатқан тау жыныстары басып қала жаздаған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

2022 жылдың маусымында "АрселорМиттал Теміртау" нысандарында бір апта ішінде бес адам қайтыс болды. Төрт адам отқа төзімді тасты бөлшектеу кезінде қаза тапты. Қайғылы оқиға Теміртаудағы металлургиялық зауытта болды. Алты күннен кейін тағы бір жұмысшы "АрселорМиттал Теміртау" нысанындағы ЖЭО-2 қазандықтарының бірінде қайтыс болды.

2022 жылдың қарашасында Қарағанды облысындағы Ленин атындағы көмір кенішінде метан бөлінді. Жарылыс кезінде шахтада 106 адам болған, оның 5-і қаза тауып, 9-ы жараланған.

2023 жылы: 5 адам

17 тамыз күні таңертең "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында конвейер өртенді. Оқиға кезінде 227 адам жер астында болған. 222 жұмысшы жер бетіне шығарылып, бес адам қаза тапты, 11 адам түрлі жарақаттармен ауруханаларға жеткізілді.

Сол жылдың маусым айында Тентек кенішінде кенеттен көмір мен газ бөлініп, салдарынан бес адам қайтыс болды.

2023 жыл 28 қазан: "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнына қарасты Костенко атындағы шахтада апат болып, 33 адам қаза тапты. Апат кезінде шахтада 252 адам болған. 206 кенші өз бетінше шығып үлгерген. 13 кенші әлі табылмады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу