"АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің денесі өртенген пәтерден табылды

1702

Әйелдің денесінде зорлық белгілері болды. 

"АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің денесі өртенген пәтерден табылды Фото: Zakon.kz

"Бүгін сағат 13:01-де Шахтинск қаласындағы Победы 40 лет көшесі, 79 бойында өрт шыққанытуралы хабарлама келіп түсті. Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің жалпы аумағында жиһаздар мен тұрмыстық заттарды жанып шалған. Өрт орнынан 1969 жылы туған әйелдің мәйіті табылды Төтенше жағдайлар департаменті подъездегі пәтерлерден 9 адамды эвакуациялады. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13.31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталуда", - делінген хабарламада.

Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Марқұм әйелдің денесінде зорлық белгілері болды. Қазіргі уақытта кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды", – деді облыстық ПД өкілдері.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ өкілдерінің сөзінше, марқұм Ирина Эм компанияда заңгер болып жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу