"Арсенал" – "Қайрат" матчының билеттері сатылымға шықты

107

Бұл алматылық клуб үшін ғана емес, қазақстандық футбол үшін де тарихи сәт.

"Арсенал" – "Қайрат" матчының билеттері сатылымға шықты Фото: freepik.com

2026 жылғы 28 қаңтар күні Лондон қаласындағы Emirates Stadium стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында "Арсенал" – "Қайрат" кездесуі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады, ал Қазақстан уақытымен ойын 29 қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де көрермен назарына ұсынылады. 

Қонақ жанкүйерлерге арналған сектор билеттері Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатылып жатыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сатып алынған билеттер қайтарылмайды.

Осылайша, отандастарымыз ағылшын Премьер-лигасының көшбасшыларының бірі саналатын "Арсеналға" қарсы ойында "Қайратты" стадионнан тікелей қолдай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу