Әртістерге "сахнадағы әдепсіз қылықтары" үшін жазалау қарастырылды

701

"Мәдениет туралы" Заңға түзетулер енгізілді. 

Әртістерге "сахнадағы әдепсіз қылықтары" үшін жазалау қарастырылды

Әкімшілік кодекске сәйкес, Заңға енгізілген түзетулерде әртістерді "сахнадағы әдепсіз қылықтары" үшін жазалау қарастырылған, деп жазады inbusiness.kz ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы мәдени ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырушылар мен орындаушыларға қойылатын талаптарды белгілейтін, фонограмманы пайдалану туралы міндетті түрде хабардар етуді, сондай-ақ әдепсіз қылықтарға жол бермеу бойынша этикалық сипаттағы әртістерге қойылатын талаптарды көздейтін "Мәдениет туралы" Заңға түзетулер енгізілді.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова мәлімдеді.

Оның айтуынша, ведомство келесі кезеңге өтеді. Бұл – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде осындай мінез-құлыққа жол берілген жағдайда айыппұл санкцияларын енгізу жөніндегі жұмыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу