"Артспорт" бағдарламасы: Кәсіпкерлерге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі

584

Дәурен Абаев "Артспорт" бағдарламасы қалай жұмыс істейтіні туралы айтты.

"Артспорт" бағдарламасы: Кәсіпкерлерге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі

Алдағы уақытта көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын арттырып, балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлерге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматы облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап беру барысында айтты.

Қазіргі уақытта бағдарлама платформасын Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДБ) интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Кейбір балалар үйірмелер мен спорттық секцияларға бармаса да, қызмет көрсетушілердің құжаттарында тіркеліп тұрады. Олар өз кезегінде әр бала үшін мемлекеттен ақша алып отыр. Әрі сапа мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Балалар жаттығатын орындарға қойылатын талаптарды күшейтіп жатырмыз. Ол – ғимараттың санитарлық жағдайы, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау камералары, спорттық және басқа да жадбықтардың болуы. Мұның барлығы балалардың сапалы білім алуы үшін, қауіпсіздігі үшін жасалады. Спорт түріне байланысты жаттығуды қай жастан бастап жасауға болатыны да нақтыланады", – деді министр Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу